Техастағы су тасқынынан кейін жоғалғандардың басым бөлігі табылды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Техас штатында 4 шілдеде болған су тасқынынан кейін жоғалып кеткендердің саны 160-тан 3 адамға дейін азайды. Бұл туралы CNN жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазды Анадолы агенттігі.

Техастағы су тасқынынан кейін жоғалғандардың басым бөлігі табылды
Фото: Анадолы

Ресми тұлғалардың мәлімдеуінше, су тасқынынан зардап шеккен Керр округінде құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Іздеу жұмыстарына мыңнан астам қызметкер қатысқан, нәтижесінде бұрын хабар-ошарсыз кеткендердің көбі тірі табылып, тізімнен шығарылды.

Су тасқыны Гуадалупе өзенінің арнасынан асып, жауған күшті нөсердің салдарынан орын алды. АҚШ президенті Дональд Трамп Керр округін апат аймағы деп жариялап, өңірге тексеру сапарымен барды.

Табиғи апат салдарынан 135 адам қаза тапты. Жергілікті республикалық билік өкілдері Трамп әкімшілігінің бастамасымен қысқарған бюджетке байланысты Ұлттық метеорологиялық қызмет төтенше жағдай жөнінде дер кезінде әрі нақты ескерту жасай алмады деп айыптады.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Техас штатындағы күшті су тасқыны салдарынан104 адам қаза тапқанын жазған едік. Оның ішінде 28 бала бар екені айтылған еді. 

Соңғы жаңалықтар