Техастағы әскери базада әскери психиатр бірнеше жауынгердің өліміне себепкер болды

АСТАНА.  Қарашаның  6-сы.  ҚазАқпарат -     Жаңа  басталған тергеу     Техастағы    Форт-Худ  әскери базасында   оқ  атқан    адамның  тұлғасын  анықтады, 

Техастағы  әскери базада  әскери психиатр   бірнеше жауынгердің өліміне себепкер болды

деп хабарлайды «Азаттық»  радиосы. 

 Ол    -  АҚШ  қарулы күштерінің  40 жастағы майоры Нидаль Мәлік Хасан.   Әзірге нақтыланбаған мәліметтер бойынша, бұл азамат   базада  әскери   психиатр  болып жұмыс істеген.   Техастан  сайланған  сенатор  Кей Бейли Хатчинсонның   Пентагондағы дерек көздерге  сілтеме  жасап   хабарлауынша,      майор Иракқа    аттандырылуы керек  болған.

 Пентагон өкілі генерал Роберт Коунның айтуынша,  Нидаль Мәлік  Хасан  жергілікті  уақыт бойынша түстен кейін   армиялық  медициналық  орталық ғимаратына  кіріп,   медициналық    комиссиядан   өтіп жатқан     әскери қызметкерлерге екі тапаншадан оқ жаудырған.  Оқиға салдарынан 11 адам    қаза тапқан,  31 адам жараланған.     Оқ жаудырған  майорды    әскери полиция  қызметкерлерінің   бірі  атып өлтірген.    Нидаль  Мәлік Хасанның   серіктестері  деген күдікпен  тағы  екі  әскери қызметкер ұсталды,    олардың аты-жөндері  жария етілмей  отыр.

 Президент Барак Обама Форд-Худ    базасындағы      бұл қанды  қырғынды «зорлық-зомбылықтың қорқынышты    оқиғасы»  деп  атады:  «үйден  алыс   жерлерде   болған     шайқастарда американ жауынгерлерін жоғалту  өте ауыр.  Бірақ   олардың   Құрама  Штаттардың аумағында  әскери   базада   оққа   ұшқанын  естігенде,   естен тана жаздайсыз»,  дейді  ол.

 Форт-Худ  -  әлемдегі  ең  үлкен американдық әскери гарнизон.  Онда    әскерилері  алғашқылардың бірі  болып 2003   жылы Иракқа аттандырылған   1-ші сауытты-кавелериялық   дивизия    орналасқан.