Техастағы әскери базада қанды қырғын ұйымдастырған азамат «Әл-Кайедамен» байланыста болған - Эй-би-си телекомпаниясы

АСТАНА.  Қарашаның  11-і.  ҚазАқпарат -   Қарашаның 5-інде   Техастағы   Форт-Ху  әскери базасында  қанды қырғын   ұйымдастырған    Надаль  Мәлік  Хасан,  осыдан бірнеше ай  бұрын  «Әл-Кайеда»    лаңкестерімен      байланыс орнатқан.

Техастағы  әскери  базада  қанды  қырғын ұйымдастырған      азамат   «Әл-Кайедамен» байланыста  болған -  Эй-би-си   телекомпаниясы

Дүйсенбі күні Эй-би-си телекомпаниясы  хабарлағандай,  американдық      арнайы  қызметтер  бұл туралы   Хасанның қолға түсірілген   электрондық    хаттарының  бірінен      оқып білген.    Бұл  ақпарат    әскери база құзырына кіретін  АҚШ армиясы   қолбасшылығына  беріледі,  Хасанның үстінен  басқа да    дабылдар түскеніне  қарамастан,  бірақ олар  ешқандай  шара   қабылдамайды.

«Ағымдағы   жылдың  шілде айында  базаға  келгенге  дейін,  ол    «Әл-Кайеданың»   негізгі  жасақтаушыларының бірі Йеменде тұратын   Әнуар  әл-Аулакимен    қарым-қатынаста  болған»,  деп   хабарлайды Эй-би-си   телекомпаниясы.