Техастағы атыстан 27 адам құрбан болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдарындағы дереккөздер жексенбі күні Техас штатының оңтүстігіндегі Саутерленд-Спрингс қалашығындағы баптистер шіркеуінде болған атыстан 27 адамның қайтыс болғандығына растады, тағы 27 адам жарақат алған, деп хабарлайды ТАСС.
Осыған дейін CNN телеарнасынан Саутерленд-Спрингс орналасқан Уилсон округі әкімшілігінің өкілі Альберт Гомес сөз сөйледі.
Ол сөзінде кейбір мәліметтер бойынша мерт болғандардың саны 27 адам болуы мүмкіндігін айтты. Сонымен қатар ол аталған ақпараттың сол уақытта әлі нақты тексерілмегендігін жеткізген болатын.
Уилсон округінің шерифі Джо Тэкит өз кезегінде CNN телеарнасына 20-дан кем емес адамның қаза болғандығын айтты.
Соңғы мәліметтер бойынша, белгісіз ер адам шіркеуге кіріп барып, адамдарға оқ ата бастаған. Қаскөйді полиция атып өлтірді.
CNN телеарнасының өкілдері оқиға орнында федералдық тергеу басқармасы мен полиция жұмыс істеп жатқандығын хабарлады. Жергілікті телеарналардың мәліметтері бойынша, жарақаттанғандарды ауруханаларға тікұшақтармен жеткізіп жатты.
Техас губернаторы Грег Эбботт твиттерде құқық қорғау органы қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді. Саутерленд-Спрингс қаласының тұрғындарыны саны 400 адамға жуықтайды.