Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Техастық отбасы 24 жыланнан аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Техас штатының Абилин қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен ысылдаған улы 24 жылан табылды, деп хабарлады WFMY News 2.

Техастық отбасы 24 жыланнан аман қалды

Олардың бірін үйдегі бала байқап қалған. Ол әжетханадағы белгісіз заттың жылан екенін біліп, ата-анасын шақырған. Оның анасы өзге ұлын күрекке жұмсап, жыланның ысылдағыш екенін анықтаған. Ол бауырымен жорғалаушыны күрекпен ұрып өлтірді, ал отағасы Big Country Snake Removal тұрғын үйлердегі жыланмен күрес компаниясына хабарласқан.

«Мен үйге кіргенде-ақ бірнеше проблемалы орындарды байқадым», - деді Big Country Snake Removal маманы фейсбукте. Ол дауылдан қорғанатын баспанаға түсіп, 13 ысылдағыш жылан тапқан. Бұған қоса үйдің астынан тағы он бауырымен жорғалаушыны ұстаған. «Әжетханада ұсталғанды қосқанда, барлығы 24 жылан табылды», - деп жазды ол.