Техникалық ақау салдарынан орын алған жол-көлік апатына енді техникалық байқау орталықтары да жауапты болады

АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда 1-қаңтардан бастап міндетті техникалық жекеменшік байқау орталықтарында жүзеге асырылады.
None
None

Оны   Техникалық-коммуникациялық кешеннің бөлім бастығы міндетін атқарушы Ақылбек Шалабаев бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Енді міндетті техникалық байқау тежегіш жүйесі, рульдік басқару, жарық құралдары және газ шығару параметрлерін анықтайтын арнайы стендтер  мен құрылғылармен жабдықталған жекеменшік техникалық байқау орталықтарында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Алматы қаласында - 5, ал  Алматы облысында 2  бекет тіркелген. Алдағы 2 айда олардың санын 17-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр", - дейді А. Шалабаев. Оның айтуынша, жол-көлік апаттарының көбі техникалық ақаудан орны алады. Сондықтан алдағы уақытта көлік құралы техникалық ақау жағдайынан жазатайым апатқа түскен жағдайда не себепті және  қалай түскені анықталған соң сақтандыру полисімен келісе отырып оған техникалық байқауды өткізген орталық жауапты болады.  

    Міндетті техникалық байқауға көлік құралының иесі өз көлігі мен мынандай құжаттарды ұсынады: бірінші - көлік құралын мемлекеттік тіркеу жөніндегі күәлік. Екінші,  жеке тұлғалардың көлік құралының салығын төлегені турал немесе төлеуден босатылғанын растайтын  құқықтық құжаттар. Үшінші, көлік құралы иелерінің азаматық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы келісім-шарт.

Міндетті техникалық байқаудан шыққан мерзіміне қарай  3 жылға дейінгілер әр 36 ай сайын, 3-7 жылға дейнгілер әр 24 айда, 7 жылдан асқандар  әр 12 ай сайын өтеді. Ал автобустар, микроавтобустар, таксилер мен адам таасымалын атқару үшін жабдықталған жүк көліктері әр 6 ай сайын мерзімінен және меншік нысанынан тәуелсіз өтуі тиіс. Техникалық байқауды бұған дейін өткен байқау талонының жарамдылық мерзімі бітуіне дейін өту қажет. Техникалық байқау орталықтарының тізімімен Көліктік бақылау комитетінің сайты (www.tranportcontrol.gov.kz ) мен баспасөзден  танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар