Техникалық байқау құжаттары қолмен өзгертіліп жатыр - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек бірыңғай ақпараттық жүйенің тиімділігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Оған бірнеше мемлекеттік органның жүйесі интеграцияланады. Біріншіден, ол - жол полициясы. Екіншіден, ауыл шаруышылығы министрлігі, біздің министрлік және қорғаныс министрлігі. Мына үш мемлекеттік орган көлік және техникалық байқау жұмыстарымен айналысады», - деді Ж.Қасымбек Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында.

Оның айтуынша, техникалық байқауға арналған цифрлық жүйені енгізу жұмысы басталып кетті. Негізгі мақсат - жемқорлыққа жол бермеу.

«Мысалы, техникалық байқаудан өтетін құжаттар қолмен де өзгертіліп жатыр. Енді, цифрлық жүйе іске асатын болса, ондай мүмкіндік болмайды. Басқа да заң бұзушылықтарға жол бермейміз», - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында көлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды. Осы орайда спикер Нұрлан Нығматулин жұмыс тобында көтерілген маңызды бір ұсынысты еске алды. Соның аясында Қазақстан жолдарымен ауыр жүктерді бөліп тасымалдау міндеті енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар