Техникалық шарттарды беру іс-шаралары әзірленді - Табиғи монополияларды зерттеу агенттігі

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды зерттеу агенттігі техникалық шарттарды беру іс-шараларын әзірледі.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада ұйымдастырылған брифинг барысында аталған агенттіктің басшысы Мұрат Оспанов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың 10 сәуірінде өткен кәсіпкерлер кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев техникалық шарттарды беру мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырған.

«Біз осы бағытта жұмыс жүргізіп бітірдік. Басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп техникалық шарттарды беруге арналған іс-шараны әзірледік. Ол «Бір терезе» қағидаты бойынша шешіледі»,-деді агенттік төрағасы.

Оның атап өтуінше, бұл іс-шаралар келесі аптада Үкімет қарауына енгізіледі. Ал, қазіргі уақытта ол мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.

«Біз, Көлік және коммуникация министрлігі мен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы техникалық шарттарды беруге өтінімдерді қабылдау мүмкіншілігі мәселелерін қарастырдық. Сондай-ақ, Өңірлік даму министрлігімен бірлесіп, су, жылу, газбен қамтамасыз етуге техникалық шарттар беру бойынша ережелер жоспарын әзірледік. Электрмен жабдықтауға техникалық шарттар беру тәртібіне өзгертулер енгізілетін болады. Аталған мәселе қазіргі уақытта Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен талқыланды»,-деп атап өткен М. Оспанов бұл жобалар барлық проблемалы мәселелерді шешуге мүмкіншілік беретіндігін сеніммен атап өтті.

Соңғы жаңалықтар