Техногендік нысандардағы төтенше жағдайларда жұртшылықты сақтандыру жүйесі әлі жетілдірілмеген - Игорь Петраков

АЛМАТЫ. 11 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Техногендік нысандардағы төтенше жағдайлар кезінде жұртшылықты қауіп-қатерден сақтандырудың бірыңғай электрондық жүйесі жоқ.

Техногендік нысандардағы төтенше жағдайларда  жұртшылықты сақтандыру жүйесі әлі жетілдірілмеген - Игорь Петраков

Бұл бүгін Алматыда «Сақтандыру - техногендік апат салдарларынан қорғаудың құралы ретінде» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінде техногендік нысандардағы төтенше жағдай кезінде жұртшылықты құлағдар етудің бірыңғай жүйесі жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінде бұл жүйе болғанымен ол жеткілікті деңгейде дамытылмаған. Ол 1996 жылы жасалған. Оған барлық министрліктер мен ведомстволар қол қойғанымен, бірыңғай электрондық жүйе әлі құрылған жоқ", - дейді Ауыл шаруашлығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының кеңесшісі Игорь Петраков. Оның айтуынша, техногендік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі жоқ. Құзырлы органдардың кейбіреуінде мамандар болғанымен ресурсы жоқ, ал өзгелерінде ресурс болғанымен аумақтық бөлімшелері мен мамандары жоқ.