Технология бюрократияны жеңеді - әкім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбеков қала тұрғындарын Telegram-да ашылған ашық диалогқа белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Әлеуметтік желілер, түрлі месседжерлер біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті.  Біз қарым-қатынас жасаудың жаңа форматтарын енгізе отырып, жалпы өмірімізді, біздің ауданның тұрғындарымен жұмыс жасау әдістерін өзгертудеміз.

WhatsApp-тағы тікелей байланыстар, фэйсбук пен Инстаграмдағы тікелей трансляциялардан басқа біз жаңа қарым-қатынас жасаудың жаңа диалогтық алаңын дамытудамыз.

Бүгінде Сарыарқа ауданының Telegram месседжері чатын пайдаланушылар 400-ге жетті.  Ауданның тәртіптерін қадағалайтын чатты  жергілікті полиция қызметінің басшысы өзі жүргізеді.

Сондай-ақ біздің виртуальды ассистентіміз бот қызметін пайдалану танымалдыққа ие болуда.

Құрметті Сарыарқа ауданының тұрғындары, чатқа кіріп ашық диалог құрып, өздеріңіздің пікірлеріңізді білдіріңіздер. https://t.me/AkimatSaryarka

https://t.me/Zan_Saryarka

https://t.me/KCK_AkimatSaryarka

https://t.me/saryarka_akimat_bot », - деді аудан әкімі өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Сондай-ақ әкім технология бюрократияны жеңетіндігіне сенім білдірді.  

Соңғы жаңалықтар