"Технологияларды коммерциализациялау" жобасын іске қосу ынтымақтастықтың маңызды материалдық нәтижесі -Бүкіләлемдік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі

АЛМАТЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Инновациялық жаңа жобалар бизнес үшін де, өнеркәсіп үшін де зор алуандық енгізуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Технологияларды коммерциализациялау" жобасын іске қосуға арналған симпозиумда сөз болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Инновациялық жобалар бір елге ғана емес, бүкіл әлемге өзгерістер әкелуі мүмкін. Инновация дегеніміз бұл жерде нақты экономика үшін барлық сектордың өнімді дамуы болып отыр. Оған соңғы онжылдықтағы бірқатар жәйттарды мысалға келтіруге болады. Мәселен Румыниядағы автомобиль, Тунистегі тігін өндірісі, Косто-Рикадағы экотуризм, Вьетнамдағы компьютерлік компоненттер және тағы басқалар. Бұл қызмет түрлері онда жоғары инновация және жұмыс орнын ұлғайтып, әл-ауқатты жақсартудың негізгі көзі", дейді Бүкіләлемдік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Шебнем Аккая. Оның айтуынша, инновациялық жобалар ел экономикасын өсіруде ғана емес, ғалымдар мен кәсіпорындардың ынтымақтастығын дамытуда да үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ ғылыми жұмыстардың сапасын көтеріп, бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға түрткі болып отырады.

Соңғы жаңалықтар