«Технологияларды коммерциализациялау» жобасына республикалық бюджеттен қосымша 61,6 миллон доллар қаржы бөлінеді

азанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Технологияларды коммерциализациялау» жобасына 13,4 миллион АҚШ доллары көлемінде займ бөлінеді. Ал осы жобаға Қазақстан бюджетінен бөлінетін қосымша қаржының мөлшері - 61,6 миллион долларды құрап отыр. Бұл туралы бүгін «Технологияларды коммерциализациялау» жобасын Астана қаласында іске қосуға арналған симпозиум барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Технологияларды коммерциализациялау» жобасына республикалық бюджеттен қосымша 61,6 миллон доллар  қаржы бөлінеді

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда ғылым, білімнің дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалып отыр. Соған қарамастан инновацияның экономиканың нақты секторындағы қажеттілігі шешілмеген күрделі мәселе күйінде қалуда. Бүгінде отандық компаниялардың тек 4 пайызы ғана инновациялық қызметті жүзеге асыруда. «Осы орайда бізге қазір ғылыми зерттеулердің коммерциялық нәтижелілігін арттыруға бағытталған шетелдік тәжірибені меңгерудің маңызы зор. «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы тап осы мақсатты көздейді», деді министр.

Сонымен қатар жоба - қазақстандық ғылымды сұранысқа сай нәтиже беретін және оны әрі қарай коммерцияландыруға мүмкіндік беретін етіп ұйымдастыруды жолдарын көрсетеді.