Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік құрылғалы бері 579 млн. теңге табыс тапты

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ құрылғалы бері 579 млн. теңге табыс тапты. Бұл туралы бүгін «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов мәлім етті.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік құрылғалы бері 579 млн. теңге табыс тапты

«Соның ішінде 72 млн. теңге - 2010 жылы, 328 млн. теңге - 2011 жылы пайда тапты. Біз барлық инвестицияларды қайтардық және үстінен табыс таптық. Жалпы, кейбір компаниялардың көрген шығындарына қарамастан, баланс біздің агенттіктің пайдасына шешілді», - деп түйді сөзін А.Құлсейітов.