Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікте кадрлық ауыс-түйіс орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болып Рүстем Қасымбеков тағайындалды. Бұл туралы аталған агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікте кадрлық ауыс-түйіс орын алды

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Директорлар Кеңесінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 9 шешімімен «ТДҰА» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып Қасымбеков Рүстем Қадырбекұлы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Р. Қасымбеков 1974 жылы дүниеге келген. Алматы индустриалды колледжін, Қазақ мемлекеттік заң университетін, Ресей кеден академиясының аспирантурасын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары «Игілік банк» Қазақ акционерлік банкінде, ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінде, «Қазақстан темір жолы» РМК «Транстелеком» еншілес мемлекеттік кәсіпорнында, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің құрылымдарында қызмет еткен.

2008 және 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы ҚР СІМ Елшілігінің кеңесшісі - Ресей Федерациясының кедендік қызмет жанындағы Қазақстан Республикасы кедендік қызмет өкілдігінің басшысы, аралығында Қазақстан Республикасының Беларус Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі - Беларусь Республикасының кедендік қызмет жанындағы Қазақстан Республикасы кедендік қызмет өкілдігінің өкілі, ЕурАзЭҚ Кеден одағының комиссиясы хатшылығының Кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

2013 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі, одан кейін «Астана - Береке басқарушы компаниясы» ЖШС директоры қызметінде болған.