Теһранда Израиль мен АҚШ-тың пайдасына шпиондық жасаған екі ирандық дарға асылды
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Теһранда Израиль мен АҚШ-тың пайдасы үшін шпиондық жасаған екі ирандық дарға асылды.
Бұл туралы Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.
Жергілікті прокуратураның атап өтуінше, Мохаммад Хейдари израильдік «Моссад» сыртқы барлау қызметімен бірнеше мәрте кездесуі барысында қауіпсіздік және ұлттық құпиялар бойынша барланған материалды ақшаға сатқандығы үшін өлім жазасына кесілген. Ал Коруш Ахмади АҚШ Орталық барлау қызметіне түрлі барлау ақпараттарын бергені үшін дарға асылды.