23:31, 02 Маусым 2014 | GMT +5
Теһрандағы құмды дауыл бірнеше адамның өмірін қиып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран астанасы Теһранды аса қуатты құмды дауыл басты. Үш адам қаза тауып, ондаған мың үй электр жарығынсыз қалды.
Куәгерлер түсірген бейне роликтен қала үстін тұмшалаған қою шаңды байқауға болады. Табиғи апат салдарынан оннан астам адам зардап шеккен.
Қала билігі балалар мен қарт адамдарға шаһар көшелеріне шықпау туралы ескерту жасады, деп жазады ВВС.