Текелі қаласында арнайы операция кезінде есірткі сатушылар тобы ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы Текелі қаласында полицейлер арнайы операция жүргізіп, өңірдегі есірткі тарату арнасың жойды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

4 есірткі сатушы анықталып, марихуананың әр түрлі дозасын сату кезінде ұсталды.«Ұсталған адамдар есірткі заттарын тарату және сату қылмыстары бойынша айыпталады. Күдіктілердің әрқайсысы қаланың әр жерінде жеке-жеке ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тіркелген фактілер бойынша тергеу амалдары есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуді көздейтін ҚР ҚК-нің 297-бабына (1,3-б.) сәйкес жүргізілуде», - деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.


Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Олардың ішінде марихуана, гашиш және «синтетика» деп аталатын есірткі заттары бар.
Соңғы жаңалықтар