Текелі қаласының әкімі воркаутшылармен бірге турникке тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев кешенді демалыс орнының ашылуында 7 рет турникке тартылып, өнер көрсетті. 51 жастағы әкім спорттық қабілетін воркаутшылар шынығатын белтемірлерде сынап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Текелі қаласының әкімі воркаутшылармен бірге турникке тартылды

Текеліде жаңадан ашылған демалыс орны Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында пайдалануға берілді. Елбасының бастамасына қолдау білдірген жергілікті кәсіпкерлер Қора өзенінің бойына Street Workout алаңын жасап, воркаутшылар шынығатын белтемірлердің түр-түрін және балалар ойнайтын алаңқай мен алтыбақандар орнатып, халықтың игіліне тапсырды.

nullБұл игі істеріне кәсіпкерлер 5 млн теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Астананың 20 жылдық мерейтойына орай пайдалануға берілген демалыс орнының ашылу салтанаты ұлттық нақышта өтті. Қазақ халқының дәстүрінен үзінділер көрсетіліп, ұлттық өнеріміз ұлықталды. Жаңа демалыс орны болашақта «Рухани жаңғыру» деп аталуы мүмкін. Мұндай бастаманы Текелі қаласының әкімі ұсынып, жергілікті тұрғындар бірден қолдады.

null«Текелі еліміздегі өзге қалалардан тау баурайындағы саф ауасымен ерекшеленіп тұратын әсем де, көрікті қала ғой. Ал жаңадан ашылған демалыс орнының өзі қандай тамаша. Жағалауда теректер жайқалып, барлық жер көлеңке. Жаз бойы өзеннің бойында балаларымыз ойнайтын болды. Өте қуаныштымыз. Балалар үшін орнатқан ойын алаңдарының бәрі сапалы екен», - деді Текелі қаласының тұрғыны Дана Беделбаева.

nullnull

null