Текелі қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезінді

ҚазАқпарат - ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станция желісі  17 шілдеде 17 сағат 14 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Текелі қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезінді

Жер сілкінісінің эпиорталығы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 232 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2. MPV магнитудасы - 4.9. Тереңдігі - 20 шақырым.

Текелі қаласында -2 балл.