Текелі тұрғыны есірткінің ірі партиясымен ұсталды

ТЕКЕЛІ. ҚазАқпарат - Жетісу облысында Текелі қаласынын тұрғынынан полицейлер есірткінің ірі партиясын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сілтеме жасап.

Текелі  тұрғыны  есірткінің ірі партиясымен ұсталды

Күдіктінің тұрғылықты жерінен полицейлер қызметтік-іздестіру итінің көмегімен 8 кг 80 грамм гашишты тапты.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары басталды.





Фото: t.me/POLICE_of_KZ