22:35, 03 Маусым 2022 | GMT +5
Текелідегі Қора өзенінен баланың мәйіті табылды
ТЕКЕЛІ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қаласында өзеннен баланың мәйіті табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 мамыр күні кешкі сағат 18:51 шамасында төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне өзенде баланың мәйіті қалқып жүргені жөнінде хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, Қора өзенінен 2018 жылғы баланың мүрдесін алып шықты»,- делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері су қоймаларында бір бала батып кеткен. Мамандар балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеді.