Текелідегі сауда үйінен 30 млн. теңгені құрайтын ақша мен бағалы бұйым ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Текелі қаласында 21 ақпан күні сауда үйлердің бірінен ұрлық жасаған 21 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жапа шегушінің сейфінен 42 мың АҚШ доллары, 21800 юань, 44 мың ресейлік рубль мен бағалы бұйымдар ұрланған.

«Жапа шегушінің шығыны 30 миллион теңгеге жетіп отыр, осыған байланысты Қылмыстық Кодекстің 188 бабы 4 тармағы «Ірі көлемдегі тонау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларына Текелі қалалық ішкі істер департаментінің және облыстың тәжірибелі қызметкерлері тартылды. Нәтижесінде күдікті анықталып, қолға түсті. Ол Текелі қаласының тұрғыны болып шықты», - делінген өңірлік ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған. Ұсталған азаматтан ұрланған шетел валюталары мен бұйымдардың бір бөлігі табылды.

Соңғы жаңалықтар