Тексерушілер Қаскелеңдегі үйлену тойын тоқтатты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Қарасай аудандық полиция басқармасының тәртіп сақшылары карантин режиміне қарамастан жұмыс істеп жатқан кафе-мейрамханаларды анықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Еліміздегі коронавирусқа байланысты Қарасай ауданы полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға тексеру жүргізді. 2021 жылдың 14 тамызында сағат 17:14-те Қарасай ауданында орналасқан «МұзТау» мейрамханасы карантин талаптарын ескермей той ұйымдастырып жатқаны, сонымен қатар, келушілердің кіру барысында дене қызуы өлшенбегендігі анықталды»,- делінген аталған ведомствоның хабарламасында.

Ведомсвтоның мәліметіне сәйкес, анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Қарасай ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.


Соңғы жаңалықтар