Тель-Авив әуежайындағы 23 қазақстандық Түркияға ұшып кетті - СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің twitter парақшасында хабарланды.

Тель-Авив әуежайындағы 23 қазақстандық Түркияға ұшып кетті - СІМ

«Қалған отандастарымызды қайтару жұмыстары жүруде. Консул әуежайда, қалғандарды басқа рейске тіркеуде. Жаңа ақпарат түскеннен кейін қосымша хабарлаймыз» делінген ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшасында. Айта кетейік. бұған дейін Тель-Авивтегі әуежайда елге қайта алмай отырған отандастарымыздың саны 70-ке жеткені туралы хабарланған болатын. ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандық саяхатшыларды дереу елге қайтару үшін тиісті шараларды шұғыл қолға алды. Бұған дейінгі ақпараттарда Палестинада жүрген 13 жерлесіміз Израильдегі Қазақстан елшілігіне жеткізілгені, 17 қазақстандық Тель-Авив пен Иерусалимнің қонақүйлеріне жайғастырылғаны айтылған.