Тель-Авивте атыс болып, 2 адам қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тель-Авивте атыс болып, екі адам қаза тапты. 15 адамдай жарақаттанды, кейбірінің жағдайы ауыр. Қалғандарына оқиға орнында көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚазАқпарат euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шабуыл Тель-Авивтің орталық бөлігіндегі барлар мен мейрамханалар орналасқан Дизенгофф көшесінде бірден бірнеше тұста жасалған.
Полиция лаңкестік әрекет нұсқасын қарастырып жатыр. Елдің премьер-министрі Израиль қорғаныс әскерінің штаб-пәтеріне барды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, шабуылшының бірі өлтірілген, тағы екеуі із суытыпты. Шабуыл жасағандардың нақты саны әзірге белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда, атыс әлі де тоқтамаған. Қылмыскерлерді ұстау операциясына 1000 сарбаз бен полицей жұмылдырылған.