Тель-Авивте атыс ұйымдастырған лаңкестің көзі жойылды
ТЕЛЬ-АВИВ. ҚазАқпарат – Ауқымды іздестіру операциясының нәтижесінде Израиль қауіпсіздік күштері бір күн бұрын Тель-Авив барында атыс ұйымдастырған лаңкестің көзін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі The Times of Israel-ге сілтеме жасап.
Бейсенбі күні шабуылдаушы Израиль астанасының орталығындағы көп адам жиналған Дизенгоф көшесіндегі барға оқ жаудырған. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі ауыр жарақат алды.
Полиция бастапқыда бұл оқиғаны «ұлтшылдық сипаттағы лаңкестік шабуыл» деп қарастырып еді. Кейінірек басқа да нұсқалар болуы мүмкін екенін хабарлады.

Шабуылдан кейін оқиға болған ауданның барлық тұрғындарына үйде болуға кеңес берілді. Ал қауіпсіздік күштері, полиция және әскери арнайы күштер кінәліні іздестіре бастады.
Шабуылдаушы Раад Хазем есімді Дженин қаласының 28 жастағы тұрғыны болдып шықты. Жұма күні таңертең оны Израиль қауіпсіздік күштері Яффо қаласындағы мешітке жақын жерде атыс кезінде көзін жойды. Онда ол шабуылдан кейін бірнеше сағат бойы жасырынған. Бұған дейін Тель-Авивте атыс болып, 2 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

