19:48, 01 Қаңтар 2016 | GMT +5
Тель-Авивтегі атыстан 8 адам жараланып, 1 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдегі Тель-Авив қаласының орталығында атыс болып, 1 адам қаза тапты, сегіз адам жараланды, деп хабарлады РИА Новости.

Атыс бар-кафеде болған. Автоментпен атқан қылмыскер оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Жергілікті полиция жағдайдың террорлық оқиғаға қатысы бар-жоқтығын анықтауда.
«Оқиғадан 8 адам жарақаттанған, оның үшеуінің жағдайы өте ауыр, 1 адам қаза тапты», делінген хабарламада.
Полициа оқиға болған жерді қоршауға алған.