Тель-Авивтен Венаға ұшқан ұшақ жарылыс қаупіне байланысты шұғыл Софияға қонды

АСТАНА. KAZINFORM — Тель-Авивтен Венаға ұшып шыққан Austrian Airlines ұшағы Софияға апатты түрде қонды. Жолаушылар эвакуацияланып, әуе кемесін тексеру басталды, деп хабарлайды Kazinform DW-ге сілтеме жасап.

Самолет из Тель-Авива в Вену экстренно сел в Софии из-за угрозы взрыва
Фото: austrianairlines

Әуе компаниясы жарылыс қаупі туралы хабарламаның болғанын растады.

Тель-Авивтен Венаға ұшып бара жатқан Austrian Airlines-қа тиесілі Airbus A320 ұшағы 18 қазан күні, жексенбі кешінде Софияға апатты түрде қонды. Әуе компаниясы Аустрияның APA ақпарат агенттігіне жарылыс қаупі туралы хабарлануына байланысты Болгария астанасына шұғыл қонып, «ұшақты тексеру жүріп жатқанын» мәлімдеді. Бортта 51 жолаушы және алты экипаж мүшесі болған.

Flightradar24 мәліметі бойынша, әдеттегі бағытымен ұшып бара жатқан ұшақ Румынияның оңтүстігіне жеткен тұста кенет бұрылып, Софияға қонған. Үш сағаттан кейін әуеге көтеріліп, 19 күні Венаға қонған.

Лайнерді Болгария ӘӘК жойғыш ұшағы күзетіп отырды.

БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ Болгарияның үстінен ұшып бара жатқанда «жарылыс қаупі туралы сигнал» түскен.

Болгария билігі Sky News арнасына лайнер Софияға қонғанға дейін Болгария әуе күштерінің жойғыш ұшағы күзетіп отырған. Әуежайда барлық жолаушы ұшақтан түсірілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дубай – Тель-Авив рейсі борттағы келеңсіздікке байланысты шұғыл Сауд Арабиясына қонған болатын.