Tele2 Қазақстандағы қызмет көрсету аясын кеңейтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық байланыс операторы Tele2 өз желісін дамытудың кезекті кезеңін аяқтады. 2014 жылдың бірінші тоқсанында елдің жер-жерлерін, оның ішінде ірі қалалар мен шағын елді мекендерді де байланыс жүйесімен қамту жұмыстары жүргізілді.
None
None

Осы уақытта Алматы, Астана, Ақтөбе және Тараз сынды ірі қалаларда желінің қолжетімділік көрсеткіші жақсартылды. Ал қазір Tele2 желісін шағын қалалар мен тұрғындары 500 адамнан аспайтын шалғай ауылдарда техникалық дамыту жұмыстары жалғасуда.

2013 жылы Қазақстандағы Tele2 компаниясы өзінің талшықты оптикалық байланыс желісін құру жобасын іске қосқан болатын. Бұл желі жұмысының тұрақтылығын арттыруға септеседі.

Бұл талшықты оптикалық байланыс желісінің ұзындығы жүздеген шақырымды құрап, Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларының аумағын қамтыды. 2014 жылы Шымкент, Павлодар, Өскемен, Орал және Тараз қалаларында Теле2 негізгі стансаларын талшықты оптикалық байланыс желісіне қосу көзделген. Сонымен қатар Dual Carrier немесе DC-HSDPA+ технологияларын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл желі сыйымдылығын 2 есе кеңейтіп, мобильді интернет жылдамдығын арттыруға жол ашады.

«Өз желіміздің дамуы, сапалық көрсеткіштердің артуы - Теле2-нің басым мақсаты. Желіні күшейтудің алғашқы кезеңі өтті, алайда, компания бұрынғыдай күрделі жобаларды инвестициялауды жалғастырады. Талпыныстарымыздың назардан тыс қалмағаны қуантады. Абоненттеріміздің қызметімізді пайдалану көлемін арттырып жатқанына ризамыз. Желімізде мобильді трафиктің 2013 жылы шамамен 4 есеге өсуін атап өткіміз келеді. Сол үшін де Интернет жылдамдығын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», - деді Қазақстандағы Tele2 компаниясының басқарма төрағасы Пиетари Кивикко.

Соңғы жаңалықтар