Телеарна рейтингін университет ғалымдары бағалауы керек – ЕҰУ ректоры

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Телеарна рейтингін университет ғалымдары, салиқалы әрі тәжірибелі адамдар бағалау керек. Бұл туралы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазір журналистика тілі жұтаңдап кетті, бұрмалаушылыққа айналып барады. Халық, әсіресе жастар дұрыс сөйлеу мен сауатты жазуды ақпарат құралдарынан үйренеді. Қазақтілді аудитория кеңейген сайын қазақтілді журналистика өз міндетіне жауапты қарауы керек. Өкінішке қарай, емлелік, орфографиялық, стильдік қателер көптен кездесуде. Әр журналистің алдында «Орфографиялық сөздік» жатуы қажет», - деді Е. Сыдықов онлайн-форматта «Қазақстан Республикасындағы журналистика деңгейі» тақырыбында өткен талқылау барысында.

Сонымен қатар ректор отандық журналистика ғылымы мәселесіне тоқталды.

«Халық наразылығын тудырған, ұлттық дүниетанымға жат кейбір бағдарламалардың телеарна рейтингінде жоғары орынға ие болып отырғаны нені білдіреді? Терең мазмұны жоқ бағдарламалар көрермендерді көптеп жинап жатады. Дамыған елдерде телеарна рейтингін университет ғалымдары, салиқалы әрі тәжірибелі адамдар бағалайды. Осы азаматтар белгілесе, әр бағдарламаның рейтингі нақты болады деп ойлаймын», - деді Ерлан Сыдықов.

Оның пайымынша, бұл тұрғыда ғылыми талдау, кәсіби сараптама керек.


Соңғы жаңалықтар