Телеарналардан «Абай» телехикаясы көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жылдың басты премьерасы - ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» телехикаясын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тарихи телехикая «Qazaqstan» және «Абай» телеарнасынан 16-17 желтоқсанда 20.00-де эфирге шығады.