Теледидар алдында көп отыру ми құрылымына кері әсер береді

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Жапондық ғалымдар теледидар алдында көп отыру ми құрылымына кері әсер беретінін анықтаған, деп жазады utro.ru.

Теледидар алдында көп отыру ми құрылымына кері әсер береді

Телебағдарламаларды шектен тыс көру ми құрылымын бұзатынына Тохоку университетінің ғалымдары сенімді. Олар 5-18 жас аралығындағы балалардың ми құрылымын зерделеп, зерттеу жүргізгенде, теледидар экраны алдында көп отырған мидың интеллектуалды дамуына кері әсерін тигізетінін анықтаған, - деп жазады The Daily Mail.

Тәжірибеге қатысқан барлық балалар теледидарды күніне 4 сағаттан көреді, бір рет көру ұзақтығы екі сағатқа жуықты құраған. Осыдан кейін ми құрылымында өзгеріс оның бөліктері мен өзгерістерін айқындауға мүмкіндік беретін түсірілімдер сериясы - МРТ көмегімен тіркелді.

МРТ экран алдында көп уақытын өткізген балаларда мидағы сұр заттың көп мөлшері мидың маңдай тұсы - фронтополярлық қыртысы жағында жинақталғанын көрсетті. Осы жерде сұр зат қалыпты дамып келе жатса, жас ұлғайған сайын ол азайып отыру керек екен: зерттеу IQ жоғары деңгейдегі адамдардың фронтополярлық қыртысы әлсірейтінін көрсетті.

Маңдай тұсына сұр заттың жиналуы баланың ой-өрісінің дамуы - сөз сөйлеу, түсіну, сөз мағынасын есте сақтау қабілетіне әсер етеді. Фронтополярлық қыртысы үлкен балалар сөздің мағынасын түсінуі қиындап, сөздік қоры азая түседі екен.