Теледидар сәбилердің ой қабілетінің дамуын тежейді

МӘСКЕУ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – Сиэтл ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары сәбилердің теледидар алдында қадалып көп отыруы олардың ой қабілетін және тілдік дамуын тежейді деген қорытындыға келді.
None
None
Бұл жағдай балалардың үлкендермен барынша аз қарым-қатынасқа түсетіндігінен орын алатын көрінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. Зерттеушілер теледидар алдында өткен әр сағат сәбидің ересектерден алатын сөздік қорын 7 пайызға азайтатынын анықтады.Зерттеуге 300-ге жуық 2 айлық сәбилерден бастап 4 жас аралығындағы балалар қатысты. Әр балаға өзінің төңірегіндегі дыбыстарды тіркейтін арнайы сандық құрылғы кигізілді.
Соңғы жаңалықтар