Телефон кабельдерін үптеп жүрген ұры қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер телефон кабельдерін қолды етіп келген Астана тұрғынын ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Үстіміздегі жылдың 11 наурызы күні Астана қалалық ІІД Алматы аудандық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында таңғы сағат бесте, тұрғын үйлердің жертөлелерінен телефон кабельдерін ұрлап келген Ақмола облысының 30 жастағы тумасын тұтқындады», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.  

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, күдікті осындай сипаттағы тағы алты қылмыс бойынша айыпталуда. Тұтқындау барысында К.есімді азаматтың үстінде көк түсті арнайы форма болды.

Бұдан бөлек, күдікті бұған дейін де ұрлық үшін бірнеше рет істі болған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық жасау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оның елорда аумағында осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. 

Соңғы жаңалықтар