Телефон лаңкесі Ақтаудағы « Ренессанс» қонақүйін «миналады»

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Кеше, дүйсенбі күні Ақтауда ішкі істер органының «02» пультіне «Ренессанс» қонақүйі ғимаратына жарылғыш заттың қойылғандығы туралы қоңырау түсті,

Телефон  лаңкесі Ақтаудағы « Ренессанс»   қонақүйін  «миналады»
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Павлодардың Ішкі істер департаментінің пультіне де дәл осындай - №4 орта мектеп ғимаратына бомба қойылғандығы туралы хабар түсті. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында екі оқиғада да жарылғыш заттар табылған жоқ.