18:24, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Телефон шалу арқылы қырғызстандықтар соғыс ардагерлеріне көмектесе алады
БІШКЕК. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Жеңіс күні қарсаңында «Қырғызтелеком» ұлттық байланыс операторы «Біз ұмытқан жоқпыз! Біз мақтанамыз!» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырады.

Байланыс операторы хабарлағандай, қырғызстандықтар байланыс қызметін төлеу пунктеріне барып, ардагерлердің дербес есепшотына ақша аудара алады, ал Бішкек қаласының тұрғындары Бішкек поштасының байланыс бөлімдеріне барып та қайырымдылық шарасына қатыса алады.
Сондай-ақ абоненттерге ыңғайлы болу үшін Қырғызстан бойынша бірыңғай нөмірлер ашылған, сол нөмірлерді теру арқылы ақша автоматты түрде аударылады: 0 803 1945 020 - 20 сом, 0 803 1945 050 - 50 сом и 0 803 1945 100 -100 сом.