Телефон желілерінің тығыздығы бойынша еліміздің 100 тұрғынына 23 абоненттен келіп отыр

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Телефон желілерінің тығыздығы бойынша еліміздің 100 тұрғынына шаққанда 23 абонеттен келіп отыр.
None
None
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Телефон желілерінің тығыздығы бойынша 2006 жылы 100 тұрғынға 18,5 абоненттен келсе, 2007 жылы - 20, 2008 жылы 23-ті құрады. Сонымен бірге, ұялы байланыс абоненттерінің тығыздылығы 100 тұрғынға 98-ден келсе, Интернет пайдаланушылар тығыздылығы 100 тұрғынға 14-тен айналады. Ал жергілікті телекоммуникация желілерін цифрлау деңгейі 86 пайызды құрайды», деді Қ. Есекеев. Сонымен бірге, ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту мәселесіне тоқталған Агенттік төрағасы, алдағы уақытта ауылдарда телефон кодтау арта түсетіндігін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар