Телефонға мың теңге бірлік саламын деп 317 000 теңгесінен айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ағымдағы жылдың 6 маусымында пробациялық бақылаудағы сотталған А.Самешев Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы Ш.Телішеваның ұялы телефонына 1000 теңгеге бірлік салу арқылы жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi түріндегі әрекет жасаған.
None
None

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен хабарланды.

 Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен А.Самешевке қатысты құжаттар жинақталып, 24.07.2017 жылы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 676 бабымен (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi) әкімшілік іс қозғалып, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

   Соттың 02.08.2017 жылғы қаулысымен А.Самешев ҚР ӘҚБтК-нің 676 бабымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2 бөлігін қолдану арқылы 200 айлық есептік көрсеткіштің немесе 453 800 теңге айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартып, 317 000  теңге айыппұл салынды.

       Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар