01:02, 07 Қаңтар 2016 | GMT +5
Телефонмен сөйлесіп келе жатқан әйел байқамай каналға құлап, батып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда ұялы телефонынан көз алмай жүріп келе жатқан әйел байқаусызда каналға құлап, суға батып кетті, деп жазады Lenta.ru.

Оқиға Қытайдың Вэньчжоу қаласының маңында орналасқан ауылдардың бірінде болған. Бұл туралы британдық Daily Mail басылымы хабарлайды. 28 жастағы әйелдің күйеуі жұбайының өлімі жайлы полициядан білген.
Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері марқұмның аяқкиімінің бір сыңарын суда тауып алған. Әйелдің қалай құлағаны көше ортаcындағы бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Осыған байланысты жергілікті билік өкілдері ауыл тұрғындарын абай болуға шақырып отыр, деп хабарлайды 24.kz.