Telegram бір тәулікте 200 мыңнан астам күмәнді топ пен каналдарды бұғаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Telegram желісінің модераторлары 234 945 топ пен каналды бұғаттады. Бұл туралы мессенджердің модерация деректері көрсетіп отыр, деп жазды 24 kg.

Telegram
Фото: Reuters

Жаңа бұғаттаулардың деңгейі 23 қаңтардағы рекордты көрсеткіштен де асып түскен. Сол күні модераторлар 300 840 ресурсқа тыйым салған.

Жыл басынан бері Telegram 7,2 миллионнан астам топ пен каналды бұғаттаған.

2025 жылдың желтоқсан айының басына қарай мессенджер шамамен 40 миллион топ пен каналға тыйым салған, олардың 894 324-і балаларға зорлық көрсету материалдарын қамтыған.

Telegram 2015 жылдан бастап модерация жүйесіне пайдаланушылардан түскен шағымдар мен машиналық оқыту негізіндегі «проактивті бақылау» кіретінін, ал 2024 жылдың басынан бастап осы шараларға жасанды интеллект құралдары да қосылғанын атап өтті.

Бұған дейін Telegram-да пайдаланушылардың жасын тексеруге арналған ресми бот іске қосылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум