Telegram-ды күніне қанша адам қолданады

Испания
Фото: Pyxabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Telegram негізін қалаушы Павел Дуров бұл қосымшаны ай сайын 900 миллион адам пайдаланатынын айтты. 

Оның жартысы, яғни, 450 миллион адам әлеуметтік желіге күнделікті кіреді екен.

«Деректерге сәйкес, Telegram әлемдегі ең танымал алтыншы қосымша болып табылады. Жүктелу көрсеткіші бойынша да алтыншы орынға ие», - деді Дуров өзінің Telegram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Telegram-да жаңа функция пайда болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар