Telegram ивриттік қолдауды қосты
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мессенджер интерфейсіне иврит тілінің қолдауы қосылғанын айтты, деп хабарлайды Кazinform.
«Израиль мен Палестина аумақтарынан жүздеген мың адам Telegram-ға жазылады. Араб тілінен басқа, Telegram интерфейсіне иврит тіліндегі қолдауды қостық. Осынау қиын-қыстау кезеңде әрбір зардап шегуші жаңалықтарға және жеке байланысқа сенімді қолжетімді болуы керек», - деп атап өтті Дуров.
Еске сала кетейік, 7 қазан күні таңертең палестиналық ХАМАС қозғалысы әскери операция басталғанын жариялап, Израиль аумағын зымыранмен атқылады. ХАМАС өкілі Халед Кадоми AlJazeera телеарнасына топтың әскери операциясы палестиналықтардың ондаған жылдар бойы көрген барлық зұлымдықтарына жауап екенін айтты.
Шабуылға жауап ретінде Израиль «соғысқа әзірлік жағдайын» жариялады.