Telegram негізін қалаушы Павел Дуровқа бірнеше мектепті көрсеттік – Жаслан Мәдиев
АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Павел Дуровтың Астанаға сапарына қатысты пікір білдірді.

«Біз оған (Павел Дуров - ред.) Бурабай, Алматыдағы бірнеше мектепті көрсеттік. Мен қазір ол туралы егжей-тегжейлі айтқым келмейді, өйткені сапары туралы өзі айтады деп ойлаймын. Өзі жариялағаннан кейін қосымша түсініктеме беруге дайынмын. Мен оның біздегі адами капиталды, жайлы институционалдық реформалар мен бизнес-ахуалды және әсем табиғатты атап өткенін айтқым келеді. Толығырақ өзі айта жатар», - деді Жаслан Мәдиев аталған ведомствода өткен брифингіде.
Еске сала кетейік, биыл 27 маусымда кәсіпкер, бағдарламалаушы және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді. Әлеуметтік желіде П.Дуровтың Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркіне барғаны туралы видео тараған еді.