Telegram-ның жұмысы қалпына келе бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД елдері, Еуропа және Африкадағы Telegram-ның жұмысы қалпына келтірілді. Бұл туралы компанияның Twitter-дегі парақшасында айтылды.
«Қазіргі уақытта Еуропа, Африка, Ресей мен ТМД елдерінің басым бөлігінде Telegram-ның жұмысы қалпына келтірілді. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Telegram техникалық себептерге байланысты бүкіл әлем бойынша жұмыс істемей қалған еді.
Repairs are ongoing after a massive power outage in the Amsterdam region that affected many services. Telegram users in Europe, MENA, Russia and the CIS are currently unable to connect. We apologize and will update you on the progress. https://t.co/WyfYimZoKV
— Telegram Messenger (@telegram) 29 апреля 2018 г.