Telegram жұмысында ақау туындады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Telegram мессенджерінің жұмысында іркіліс туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат DownDetector мәліметіне сілтеме жасап.

Telegram жұмысында ақау туындады

Пайдаланушылардан шағымдар сағат 22:51-де түсе бастаған. Олардың дені мобильдік қосымшада ақау шығып, интернет қосылмай жатқанын айтуда.