Телеоператор қызбен танысудың ерекше тәсілін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде өтіп жатқан EPICENTER халықаралық киберспорт турнирінің ақтық сайысында оператор трибунадан сұлу қызды байқап қалып, экранға «Маған хабарлас (оператор)», деп өз нөмірін шығарған, деп хабарлады ҚазАқпарат tvrain.ru сайтына сілтемемен.
Телеарна редакциясы пікір алу үшін операторға хабарласып көрді, алайда телефоны сөндірулі және SMS-хабарламалар да жеткен жоқ.
Қыздың да бұл өтінішті қалай қабылдағаны белгісіз.