Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары бекiтілді
АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары бекiтілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы №89/1
2012 жылғы 29 маусым, Астана қаласы
Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың орнатылған тәртіпке сәйкес ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрi А.О.Қырықбаевқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейiнгi он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Д.МЫҢБАЙ.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
2012 жылғы 29 маусымдағы №89/1 бұйрығымен бекітілген
Қағидалар мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланған.