«Телерадио хабарларын тарату туралы» заң жобасы Сенаттың жалпы отырысында талқыға түседі
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ертең 28 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы өтеді. Онда сенаторлар бірқатар заң жобаларын қарайтын болады.
Палатаның жалпы отырысына енгізілген күн тәртібіне сәйкес, сенаторлар «Телерадио хабарларын тарату туралы» заң жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды. Бұдан бөлек, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заң жобасы мен оған ілеспе жоба талқыға түседі.
Бұдан басқа «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралса, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары екінші оқылымда қабылданатыны күтілуде.