Телерадио хабарларын тарату жүйелерінде техникалық үзіліс болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қазан күні сағат 03.00-ден 17.00-ге дейін, 21 қазан күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын таратушы желілерде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Телерадио хабарларын тарату жүйелерінде техникалық үзіліс болады

Осыған сәйкес жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында телерадиоарналарда техникалық үзіліс болады.

Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.