Телескоп екі ғаламшардың соқтығысуын түсіріп алды
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Американдық «Спитцер» ғарыш телескопы сирек кездесетін ғарыш апатын - екі ғаламшардың жойқын соқтығысуын түсіріп алды,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Ғалымдардың пікірінше, апат бірнеше мың жыл бұрын, ал ғарыштық өлшем бойынша жақында ғана болған, апаттан кейін қалған газды бұлт біртіндеп тасқа, қатып қалған лаваға айнала бастаған. Астрофизиктердің есебі бойынша, соқтығысардың алдында ғаламшар секундына 10 шақырымдай жылдамдықпен жүйткіген.